Ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін кінәлі деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының  кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен  құқық бұзушы  В.-ға  қатысты әкімшілік  ісі  қаралды.
Іс материалдары бойынша кәмелетке толмаған Д. Тараз қаласының көшесінде түнгі уақытта  жүргені үшін полиция қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 3 тармағымен оның заңды өкілі В-ға  әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.
Сот отырысында әкiмшiлiк құқық бұзушы  К.Е.  өзінің кінәлі екендігін мойындап,   материалдық жағдайының нашарлығына  байланысты  айыппұл мөлшерін азайтуын өтінген.
Судья А.Б.Бексултанова әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескеріп,  ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігі  бойынша кінәлі деп танып, оған  әкімшілік айыппұлдың мөлшерін 30% -на  қысқартқан.
Сот, құқық бұзушы В-ға ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріпжүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша кінәлі деп танылып, оған осы баппен әкімшілік жаза ретінде  15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштің 70%  мөлшерінде, яғни 23825   теңге айыппұл  салынды.
 Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі