Алимент өндіруге арыз берген кезде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

         Аталған Заңның 125 бабының талаптарына сәйкес алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда сот ңәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын: бір балаға – ата-анасы табысының және өзгеде кірісінің – төрттен бірін; екі балаға – үштен бірін; үш және одан да көп балаға – тең жартысын өңдіріп алуға құқықтары бар.

         Азматтар осы Заңда көрсетілген құқықтарын пайдалану үшін ҚР азаматтық іс жүргізу кодексінің (ары қарай АІЖК-сі) 2-ші бөлімі 1-ші бөлімше 13-ші тарауы Кодекске арнайы еңгізілген. АІЖК-нің 139 бабының талаптарына сәйкес сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе өндіріп алушыны олардыңтүсіндірмелерін тыңдау үшін шақырылмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады. Сол талаптардың ішінде балаларға асырап-бағуға алимент ата-аналардан сот тәртібіміне өндіріп алынатыны туралы сот бұйрығы шығарылады.

         Азаматтардың алимент өндіру туралы арызы сотқа жазбаша нысанда беріледі. Арызда арыз берілетін соттың атауы; өндіріп алушының атауы, оның тұрғылықты жері, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер; борышкердің тегі, аты және әкесінің аты, оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері және, егер өндіріп алушыға белгілі болса, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені, жұмыс орны туралы мәліметтер мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе; өндіріп алушы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар; арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

         Арызға өндіріп алушы немесе арызға қол қоюға және оны көрсетуге өкілеттілігі болған жағдайда оның өкілі қол қояды.

         Аудандық соттың қараған алимент өнідру туралы азаматтық істерінің тәжірибесіне қарағанда, көп жағдайда арыз берген талапкерлер өндіріп алушы борышкердің мекен-жайын дұрыс көрсетпейді, тұрғылықты жерінен анықтамалар тіркелмейді, соынң салдарынан сот орындаушылар сот бұйрығын орындау барысында уақытылы орындауға мүмкіншіліктері болмайды, созбалыққа салынып іздеу жарияланады.

         ҚР АІЖК-нің 143 бабының талаптарына сәйкес судья талап арызды қабылдаудан бас тардады, қайтарады, егер мәлім етілген талап Кодекстің 140 бабымен көделмесе, атап айтқанда алимент өндіру туралы сот бұйрығын шығаруға мүмкіншілік болмаса (егерде әкелікті сот тәртібімен анықтау қажет болса).

         Аталған бап бойынша сот Г. Иванованың арызын қайтарып жіберген, атап айтқанда Иванова арызында борышкермен заңды некеде, не болмаса балаларынң әкесі ретінде борышкер танылғаны туралы көрсетпеген, құжаттар тіркемеген. Бұл жағдайда соттың балаларға алимент өндіру туралы бұйрықты шығаруға ешқандай негізі жоқ, ол үшін Иванова сотқа борышкер баларының әкесі екені туралы талап арыз келтіру керек, тек содан кейін алимент өндіруге арыз келтіруге болады.

         ҚР АІЖК-нің 144 бабының талаптарына сәйкес судья талап арыз осы Кодекстің 141 бабының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарып, өндіріп алушыға кемшіліктерді түзету үшін мерзім береді, ұйғарудағы кемшіліктерді түземеген жағдайда арыз қайтарылады.

         Аталған бап бойынша көп жағдайда сот өз құқығын пайдалануға мумкіншілігіжоқ, өйткені кодекстің 145 бабының талаптарына сәйкес мәлім етілген талаптың мәні бойынша сотқа арыз түскен күннен бастап үш күн ішінде судья сот бұйрығын шығару керек. Ал көп жағдайларда өндіріп алушылар арызына тіркеген неке қию, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерін нотариалдық түрде куәлендірмейді, борышкердің мәліметтерін толық еңгізбейді, осы жағдайлар сот орындаушыларға балаларға алиментті борышкерлерден алып беруге кедерлік болады.

         Осы кедергіліктер өндіріп алушыға уақытылы алимент аламағандықтан қылмыстық тәртіппен борышкерлерді жауапкершілікке тартуға әкеліп соғады, ол кезде балаларға белгіленген алимент орындаусыз тұрады, балалардың құқықтары бұзылады.

 

Меркі аудандық соты