Адам өлтіруге оқталғаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің (ары қарай мәтін бойынша ҚР ҚК-нің) 24-бабының 3-бөлігі - 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіруге оқталу), айыпталып сотқа берілген П-ға қатысты қылмыстық істі қаралып аяқталды.
Істің құжаттарына сәйкес, П. 09.03.2017 жылы, сағат 20.00 шамасында, көршілерімен бірге Ф-ның пәтерінде спирттік ішімдігін ішкен. Ішімдік ішу барысында П. алкогольді мас күйінде Ф-ға көңіл білдірген.
Ф. П-ның ниетін қабыл алмаған соң, екеуінің арасында дау-жанжал туындаған. Дау-жанжал барысында П. тігін машинасын және газ плитасының үстіндегі сорпасы бар ыдысты жерге лақтырған. Осы жағдайға Ф. өкпелеп, темір табаны алып, П-ның басынан бірнеше рет ұрған.
 Осы уақытта П-да алкогольді мас күйінде, жек көру салдарынан, Ф-ны құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату ойы туындаған.
Қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында П. ас үй пышағымен қаруланып, Ф-ның кеуде қуысының сол жақ тұсынан жарақат келтірген.
Осы кезде айқай-шуды естіп, Ф-ның күйеуі мен олардың танысы В. пәтерге жүгіріп келген.
В. Ф-ны өлтіруге бағытталған П-ның қылмыстық әрекетін көріп, аяғымен П-ның қолындағы пышақты қағып жіберген, осыған орай П. өзінің қылмыстық пиғылын оның еркіне байланысты емес мән-жай бойынша ақырына дейін жеткізілмеген.
Соттың үкімімен П. ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі - 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 8 (сегіз) жылға бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары  мекемесінде өтеу тағайындалды.
ҚР ҚК-нің 91-бабының 1-бөлігінің 4-тармағына, 98-бабының 2-бөлігіне сәйкес, П-ға жазаны өтеу орнында алкоголизмнен мәжбүрлі түрде емдеу тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі