Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 1 бөлігінде көрсетілген (адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген) қылмысты жасаған сотталушы М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
М. Айша бибі ауылының «Квант» саяжайы аумағында орналасқан «Рахат» дүкенінің алдында жәбірленуші Т.-мен жанжалдасып қалған. Жанжал барысында, сотталушы жәбірленушіні ұрып-соғып, соққы салдарынан  жәбірленушіге ауыр дәрежедегі дене жарақатын салған.
Соттың үкімімен М. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 106-бабы 1-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалып, ҚР ҚК-нің 63 бабының 1 бөлігіне сәйкес, тағайындалған жаза шартты деп есептелді.
 
Үкім заңды күшіне енген жоқ.      
 
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі