23 тәулікке қамаққа алу жазасы тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Талас аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 73-2 бабы (ұрып соғу) және ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беруі) бойынша әкімшілік іс қаралды.
Құқықбұзушы Б., 2017 жылдың 3 тамызында сағат 18.30-да алкогольдік мас күйінде бола тұра, жәбірленуші М.-ның бетінен ұрып  қол жұмсағаны және 2017 жылы 8 тамызда 05.10-да  Б.  Қаратау қаласында «Аudi 100» маркалы   автокөлікті  алкогольдік  мас күйінде, көлік жүргізуге құқығы жоқ бола тұра көлік  басқарғаны үшін полиция қызметкерлерімен ұсталып, медициналық куәландыруға жіберілген.
Осы аталған фактілер бойынша Б.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 73-2 бабы бойынша және 608-бабының 6- бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылған. Сот талқылауы барысында құқықбұзушы Б. өз кінәсін толық мойындап, істеген әрекетіне өкініп, мас күйінде көлік басқарғаны үшін және жәбірленуші М.-ға қол жұмсағаны үшін кешірім сұрады.
Сот қаулысымен құқықбұзушы Б. ӘҚБтК-нің 73-2-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 тәулікке камаққа алу әкімшілік жазасы және ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 20 тәулікке қамаққа алу жазасы, барлығы 23 тәулікке  әкімшілік қамаққа алу  жазасы тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Талас аудандық сотының баспасөз қызметі