12 миллионнан астам теңгені өндіру туралы дау бітімгершілік келісіммен бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талап қоюшы «С» ЖШС-нің  жауапкер «Т» ЖШС-нен 12 498 000 теңге көлеміндегі қарыз соманы өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Азаматтық істі қарау барысында тараптар бітімгершілік келісімге келді және сотқа келісімді бекіту туралы арызбен жүгінді. Бітімгершілік келісімнің шарттары бойынша талап қоюшы жауапкерден қарыз соманы өндіру туралы талаптарынан бас  тартады. Өз кезегінде жауапкер 12 498 000 теңге көлеміндегі қарыз сомасын бітімгершілік келісім бекітілгеннен кейін күнтізбелік бір ай ішінде қайтаруға міндеттенеді.
Тараптармен жасалған бітімгершілік келісімнің шарттары заңға қайшы келмейтіндіктен, басқа да тұлғалардың мүдделерін бұзбайтындықтан, сот бітімгершілік келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
                                                                       
Қайнар: Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі

 

Пікірлер мен ұсыныстар