Медиация Заңынын қолдану туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы
     Тараз қалалық сотының ғимаратында Жамбыл облыстық соты Оқу орталығының ұйымдастыруымен «Дау - дамайларды шешуде баламалы тәсілдерді дамыту» атты қоғамдық маңызы бар тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
    Дөңгелек үстелге облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы А.С.Смайлов, Тараз қалалық сотының судьялары В.Н.Мирошников, А.А.Алиакпарова, Т.И.Азбекова, Аралық сот төрағасы Б.Қосжанов, кәсіпқой медиатор Л.В.Сафонова, Жамбыл облысы адвокаттар алқасының адвокаты В.С.Шеитова, магистр-психолог, аға оқытушы  В.Н.Сарбасова, Психология кафедрасының психологы В.Д.Гущина қатысып, пікір алмасты.
     Бас қосу жиынын  азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Асқар Смайлов ашып, өз сөзінде «қазіргі таңда азаматтар арасында туындайтын дау-дамайлар медиация арқылы, соның ішінде сот медиациясымен өз шешімін тапқаны дұрыс болады» деді.
     Тақырып туралы толығырақ  Жамбыл облыстық сотының судьясы Д.Нұрлыбаева айтты. Ол өз сөзінде Жоғарғы сот тапсырмасымен сәуір айынан бастап қолға алынған сот медиациясының бұрынғыдан ерекшелігі екі жақ дауласушыларды бітімге келтіретін медиатор қызметін судьяның атқаратыны жайлы қатысушыларға түсіндірді. Сонымен қатар қазіргі таңда судья-медиаторлардың жұмысы өз нәтижесін беруде, осыған қарамастан халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әлі де болса насихаттау жетіспейтіні туралы, сондай-ақ Жамбыл облыстық соты мен Тараз қалалық сотында медиаторлар бөлмесі жабдықталып, сот медиациясы жобасы өз жұмысын тоқтатпайтыны жайлы айтып өтті.
    Осы және арбитраждық, аралық соттардағы психологиялық аспектілері мен бітімгершілік процедуралары туралы айтылды.
    Осылайша қатысушылардың баяндамалар оқылып, пікір алмасып, дөңгелек үстел қортындыланды.